26.09.2021, 11:26
Қараулар: 82
ТУРИСТІК ЖАРЫС ТАРТЫСТЫ ӨТТІ

ТУРИСТІК ЖАРЫС ТАРТЫСТЫ ӨТТІ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және халықаралық туризм күніне орай «Іс үшін» қоғамдық бірлестігі, жастар ресурстық және туризм орталықтарының ұйымдастыруымен туристік жарыс өтті.
Жарысқа 6 команда қатысты. Атап айтсақ, Феодоров, Подстепный, Долин, Ұзынкөл, Аңқаты және түзету кабинеті құрамалары бар. Жарыс екі кезеңнен тұрды. Алғашқы айналым туристік кедергілерден өрмелеп өту болса , екінші айналым қалдық заттардан әдемі бұйымдар жасау болды. Нәтежиесінде жүлделі I орын Долин ауылдық округіне, II орын Феодоров округі құрамасына, III орын Подстепный ауылдық округіне бұйырды.
Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Балнұр ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар