26.09.2021, 11:24
Қараулар: 80
ЕҢБЕК АДАМДЫ КӨРІКТЕНДІРЕДІ

ЕҢБЕК АДАМДЫ КӨРІКТЕНДІРЕДІ

Көп еңбек еткен адамға бақыт басын иеді. Рас. Маңдай термен келген еңбекпен қана бақытқа кенеліп жүрген жандарды көргенімізде «әп, бәрекелді!» деп қуанышпен кеуде керетініміз бар. Мұндай жандарды халық бағалайды. Осы орайда елімізде қыркүйек айында еңбек күнін атап өту дәстүрге айналды.
Шағатай ауылдық кітапханасында таяуда «Менің еңбек жолым» атты сыр-сұхбат өтті. Кездесу барысында әр мекеме қызметкерлері өздерінің еңбек жолынан сыр шертті. Тінін тарқатсақ, Ы.Алтынсарин атындағы орта жалпы білім беретін мектептің директоры А.Ахметқалиева 34 жылдық тәжірибесімен ой бөлісті. Сондай-ақ өнер саласында 32 жылдай жұмыс істеп жүрген мәдениет үйінің директоры Ж. Әубәкірова еңбек етсең ғана жұмыс жемісті болатындығын тілге тиек етті. Сонымен бірге «Бөбек» бөбекжайының директоры міндетін атқарушы Т.Бекбаева ( еңбек өтілі 31 жыл), Теректі аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде тоғыз құмалақтан жаттықтырушы Г. Бисеновалар (еңбек өтілі 10 жыл) да «ерінбей еңбек етсең, тікен де гүлге айналып шыға келетінін» айтты.
Самал ЖӘМЕТ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар