25.08.2021, 10:21
Қараулар: 73
Теректі ауданының №2 аудандық сотының төрағасының м.а. ауылдық округтердің әкімдерімен кеңес өткізді

Теректі ауданының №2 аудандық сотының төрағасының м.а. ауылдық округтердің әкімдерімен кеңес өткізді

Теректі ауданының №2 аудандық сотының төрағасының м.а. Ибрагим Қабылұлы Ниязғалиев осы соттың аумағындағы Ақжайық, Ақсоғым, Аңқаты, Шалқар және Шағатай ауылдық округтерінің әкімдерімен онлайн кеңес өткізіп, оның барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ӘРПК) ережелері түсіндіріліп, бұл кодекстің елдің дамуы үшін маңыздылығына тоқталды.

Азаматтар, кәсіпкерлер және мемлекеттік органдар арасындағы даулар туралы айта келе, төраға бұған дейін осы мәселенің теңдік пен жарыспалылық (АПК бойынша) қағидаттарның негізінде шешілгенін, өзіне неғұрлым сенімді болған адамды жеңуге мүмкіндік бергенін атап өтті. Яғни, өз заңгері бар адам штатында заңгерлері мен сарапшылары бар тұтастай бір мемлекеттік органмен немесе әкімдікпен дауласуға мәжбүр болды. Нәтижесінде 85 % жағдайда сотта мемлекеттік орган ұтып отырды.

Ал, осы жылдың 1-шілдесінен бастап жағдай түбегейлі өзгерді. ӘРПК-нің талаптарын бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар енді   мемлекеттік органның не лауазымды адамның жеке бюджетіне салмақ түсіретін болады. Сонымен бірге мемлекеттік органның міндеттері мен жауапкершілігін нақты айқындап берді.

         Кеңес соңында төраға қатынасушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

      Ұлықпан Бақышев, 

 БАҚ жұмысына жауапты бас маман 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар