25.06.2021, 22:30
Қараулар: 64
ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданының Ақжайық, Ақсуат, Подстепное

және Приречный ауылдық округтер әкімдерінің

сайлауын 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындау

туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 2-, 3- тармақтарына сәйкес Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Ақжайық, Ақсуат, Подстепное және Приречный ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалсын.
  2. 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Ақжайық, Ақсуат, Подстепное және Приречный ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Аталған ауылдық округтердің әкімдері Теректі ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен бірге Ақжайық, Ақсуат, Подстепное және Приречный ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын өткізу кезеңінде өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын көздесін.
  5. 5. Осы шешімнің көшірмесі Теректі ауданының әкіміне жолдансын.
  6. Осы шешім аудандық «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық – саяси газетінде және сайтта жариялансын.

 

 

Аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                                  Б.Кенжегулов

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар