5.06.2021, 10:46
Қараулар: 137
ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ БЕЛСЕНДІ БОЛУЫ ТИІС

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ БЕЛСЕНДІ БОЛУЫ ТИІС

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мәслихаттың VI кезекті сессиясы өтті. Оған аудан әкімі Арман Өтеғұлов қатысып, аудандық мәслихат депутаты Сержан Идиятов төрағалық етті.

Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Алдымен, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлмира Сәрсенова Теректі ауданының 2020 жылға арналған аудандық және ауылдық округтері бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есептерін бекіту бойынша баяндама жасады.

Одан кейін Теректі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Миржан Нұртазиев жеке тұрғын үй қорынан берілетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі жергілікті бюджетке жүктелетін азаматтар санатын айқындау туралы айтты.

Сессия төрағасы Теректі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы №31-2 «Теректі ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссяларының құрамын қалыптастыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу хақында және Новопавловка ауылдық мен Новопавловка ауылын қайта атау бойынша баяндама жасады. Айта кету керек, Новопавловка  ауылдық округі мен дәл осындай атаудағы ауылды «Құмақсай» деп өзгерту туралы шешімді аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады.

Сонымен қатар, аудандық мәслиахаттың кезекті сессиясы төрағасы болып Нұрсәуле Аткеева сайланды.

Жиын барысында аудандық мәслихат депутаттары Руслан Ибатов Жаңаөмір ауылына балабақша салу және Барбастау ауылындағы электр энергиясын тартатын трансформатор хәлін айтса, тағы бір депутат Нұрсәуле Аткеева «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының аудан бойынша атқарылып жатқан жұмыстарына шолу жасады.

Сессия жұмысын Теректі ауданы әкімі Арман Өтеғұлов қорытындылады.

  • Бүгінгі сессия отырысында көтерілген барлық мәселе өзекті. Аталмыш мәселелерді шешуде тек аудан әкімдігі емес, депуттаттар да жұмыстануы тиіс. Әр адам мен дүниеге келген, я болмаса қызмет жасап жатқан жеріне қандай пайдамды тигізе алам деп ойланғаны абзал. Бюджеттің қаржысынан үлкен ауданның барлық мәселесін шешіп тастау мүмкін емес. Барлығы жүйелі жұмыстың, бірлесе еңбек етудің арқасында болады. Сол себепті қоғамдағы әр жайтқа, аудан көлемінде жүзеге асып жатқан не болмаса жоспардағы жұмыстарға халық қалаулылары белсене араласса деймін,-деді өз сөзінде Арман Кәрімұлы.

 

Әділет ӘЛІБЕКҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар