5.06.2021, 10:42
Қараулар: 43
ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНДЕ — ЖАҢА БАСШЫ

ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНДЕ — ЖАҢА БАСШЫ

«ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Теректі ауданы әкімінің 2021 жылғы 1 маусымдағы №119 өкімімен Гүлмира Бауыржанқызы СӘРСЕНОВА Теректі аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Сәрсенова Гүлмира Бауыржанқызы — 1987 жылы 17 мамырда Федоров ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді.

2008 жылы Евразия академиясын қаржы мамандығы бойынша, 2011 жылы Батыс Қазақстан инженерлік -гуманитарлық университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

 

Еңбек жолын 2009 жылы Теректі аудандық қаржы бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы болып бастаған.

 

2010 жылдың қаңтар айынан сол жылдың қараша айына дейін Теректі аудандық қаржы бөлімінің бас маманы;

 

2010-2012 жылдар аралығында Теректі аудандық білім беру бөлімінің бас экономисті;

 

2013-2015 жылдар аралығында аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы;

 

2017-2019 жылдар аралығында Теректі аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы;

 

2020 жылдың мамыр айынан қазіргі уақытқа дейін БҚО бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік мекемесі №3 мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспектор-мемлекеттік аудиторы қызметін атқарған.

 

 

Жаңа басшыны ұжымға Теректі ауданы әкімі Арман Өтеғұлов таныстырып, Гүлмира Бауыржанқызының жұмысына сәттілік тіледі.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар