29.04.2021, 16:11
Қараулар: 131
ПАРТИЯНЫҢ ЕСЕП БЕРУ — САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

ПАРТИЯНЫҢ ЕСЕП БЕРУ — САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін онлайн форматта «Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалының кезекті ХХХІII есеп-беру сайлау конференциясы онлайн форматында өтті. Оған «Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалының төрағасы Арман Өтеғұлов қатысып, төрағалық етті.
Төрағадан бөлек конференция жұмысына аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат хатшысы, аудан мәслихатындағы депутаттық фракцияның мүшелері, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиында партияның аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы «Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Мирхат Ибраев баяндама жасады.
Онымен қоса партияның аудандық филиалының Саяси кеңесі мүшелерін сайланып, партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалының конференциясына делегаттар анықталды.
«Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалының төрағасы А.Өтеғұлов қортыныды сөз алып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстың маңыздылығына жан-жақты тоқталды.
Жиын аясында күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.
Әділет ЗЕРЕ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар