29.04.2021, 15:12
Қараулар: 105
ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2021 жылдың 28 сәуір күні Ақсоғым және Ұзынкөл ауылдық округтері әкімдерінің лауазымдарына келесі кандидаттарды тіркеді:
Ақсоғым ауылдық округіне:
1. Дуйсенгалиев Муфтах Гумарович, 1962 жылы туылған, Қазақстан
Республикасы ішкі істер министрлігінің зейнеткері, Теректі ауданы,
Ақжайық ауылында тұрады.
2. Лукпанова Алима Абляевна, 1971 жылы туылған, Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары, Теректі ауданы, Федоровка ауылында тұрады.
3. Нуменов Саясат Максутович, 1986 жылы туылған, Ақсоғым ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Теректі ауданы, Ақсоғым ауылында тұрады.

Ұзынкөл ауылдық округіне:
1. Ерсайнов Жалгас Нурланович, 1993 жылы туылған, Ұзынкөл ауылдық
округі әкімі аппаратының бас маманы, Теректі ауданы, Ұзынкөл
ауылында тұрады.
2. Нуртазиев Миржан Жангазиевич, 1987 жылы туылған, Теректі ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Орал қаласында тұрады.
3. Тутебаева Анаргуль Абилгазиевна, 1973 жылы туылған, Ұзынкөл жалпы орта білім беретін мектебінің директоры, Теректі ауданы, Ұзынкөл ауылында тұрады.

Б.Кенжегулов,
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

Теректі аудандық мәслихат депутаттарының
Ақсоғым және Ұзынкөл ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттармен кездесу
КЕСТЕСІ

№ Кездесу өткізілетін орны Кездесу күні және уақыты
1
Онлайн режимінде
05.05.2021 жылы
сағат 11.00

Б.Кенжегулов,
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар