22.04.2021, 16:44
Қараулар: 131
Теректіде бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстары өтуде

Теректіде бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстары өтуде

«Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалының бекітілген кестесіне сәйкес 19-23 сәуір аралығында бастауыш партия ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстары өтуде.
Бүгін, 21 сәуір күні Подстепный бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы онлай форматта өтті. Жиналысқа аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Ибраев, Саяси кеңес Бюросының мүшесі Р.Бектемиров, аудандық мәслихат депутаты Э.Утепбергенова қатысты.
Жиналыстың күн тәртібіндегі бірінші сұрақ бойынша бастауыш партия ұйымының төрағасы Сержан Мадиев партия мүшелеріне ұйымның 2019-2020 жылғы жұмысы туралы баяндады және алға қойылған мақсат-міндеттер туралы айтты. Өз сөзінде С.Мадиев «Nur Otan» партиясы ауылдарда нақты өкілдігі бар және ауыл тұрғындарын толғандыратын мәселелерді білетін жалғыз саяси күш кенін екенін белгіледі. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарымен тығыз байланыста аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі пандемияға қарамастан қашықтықтан жұмыстанып жатырғанын ерекшеледі.
Жиналыстың екінші сұрағы бойынша аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Ибраев бастауыш партия ұйымының төрағасы қызметіне Сержан Салембайұлының кандидатурасын, төраға орынбасары қызметіне Сағадат Өмірғалиұлы Жолдығалиевты ұсынды, партия мүшелері ұсынысты бірауыздан қабылдады.
Бастауыш партия ұйымының жиналысы аудандық партия филиалының есеп беру-сайлау конференциясының делегаттарын сайлауымен аяқталды.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар