21.04.2021, 10:50
Қараулар: 253
ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 07 сәуірдегі №5 «Теректі ауданының Ақсоғым және Ұзынкөл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын 2021 жылдың 13 мамырына белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1 бабының 3 тармағына сәйкес (егер кандидаттардың барлығы тіркелгенге дейін өз кандидатураларын алып тастаса немесе кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталатын күні әкімдікке екі кандидаттан кем тіркелсе, аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мен тіркеу мерзімін ұзартады, бірақ ол он күннен аспайды) Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 07 сәуірдегі №5 «Теректі ауданының Ақсоғым және Ұзынкөл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын 2021 жылдың 13 мамырына белгілеу туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

2- тармақтың 1) тармақшасы  келесі редакцияда жазылсын:

«1) кандидаттарды әкімдікке ұсыну — 2021 жылдың 13-25 сәуір аралығы;».

  1. 2021 жылдың 13 мамырына белгіленген Теректі ауданының Ақсоғым және Ұзынкөл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік  басқару  және  өзін-өзі  басқару  туралы»  Заңына  сәйкес өткізілсін.
  3. Осы шешімнің көшірмесі Теректі ауданының әкіміне, Теректі аудандық мәслихат хатшысына жолдансын.
  4. Осы шешім аудандық «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық – саяси газетінде және сайдта жариялансын.

 

Аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                                  Б.Кенжегулов

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар