11.02.2021, 17:43
Қараулар: 293
Теректіде «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы фракциясының отырысы өтті

Теректіде «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы фракциясының отырысы өтті

Теректі ауданында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы фракциясының отырысы өткізіліп, оған депутаттар қатысты. Онлайн форматта өткен жиынға «Nur Otan» партиясы депуттаттық фракциясының басшысы Мирхат Ибраев төрағалық етті.
Жиын аясында алдымен «Nur Otan» партиясы Теректі ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары, яғни Жол картасын талқылап, Саяси Кеңес бюросына жолдау мәселесі қаралды. Сайлауалды бағдарламаны түгелдей қамтыған Жол картасы бойынша әр салаға бір депуттаттан бекітіліп, олар жасаған жұмыстары бойынша есеп беріп отыруға міндеттелді.
Одан кейін фракцияның 2021 жылға жұмыс жоспары талқыланып, депуттардың келісімімен бекітілді.
Нұрсәуле Аткеева, Теректі аудандық мәслихатының депутаты, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысы:
— Бүгінгі жиынның маңызы ерекше деп ойлаймын. Себебі, әр депутат өз сайлауалды бағдарламасында айтылған жұмыстарды жүзеге асыруға ниеттенетіні ақиқат. Алда қыруар жұмыс күтіп тұр. Жол картасына сол жұмыстардың барлығы еніп, сол жұмыстардың басы-қасында халықтың қалаулылары жүретін болады. Жауапкершілік жүгін жете сезініп, қандай мәселе болмасын оның шешімін табу бағытында жұмыстанамын.
Шолпан Какижанова, Теректі аудандық мәслихатының депутаты, Ақжайық ЖОББМ директоры:
— 2025 жылға дейін атқаратын жұмыстарымызды шегеліп алған жиын болды. Мен білім саласында біраз жыл қызмет атқарғаннан соң ауданымызда осы саланың әрі қарай дамуы үшін бар күшімді салатын боламын. Онымен қоса денсаулық саласы да назарымнан тыс қалмайтын болады. Ауданда қазір дәрігерлердің қажеттілігі айқын сезілуде. Аудан орталығына емхана салу да халық арасында кеңінен айтылып, талқылануда. Көптеген білім ордаларының қазіргі күйі сын көтермейді. Ия, жоспар нақтыланды, енді іске кірісу керек. Халықтың сенімін ақтап, аудандық деңгейдегі жұмыстарда әріптестерім белсенділік танытады деп ойлаймын.
Дана РАҚЫМҒАЛИ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар